jasqazaq.kz

2020 жылы 2 миллионнан астам адамның зейнетақысы өсті

06 қантар 2020, 11:29

«2020 — 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 7% -ға өсті, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 38 636 теңгені құрады.Бұл туралы  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5% -ға өсті, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңгені құрады.

Бұл өсім 2 миллионнан астам зейнеткерге әсер етті.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектігі бойынша, сондай-ақ асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 5% — ға артты.

Нәтижесінде бірінші топтағы жалпы аурудан мүгедектік бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 59 872 теңгені, екінші топ — 47 710 теңгені, үшінші топ – 32 431 теңгені құрады.

Асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы асырауындағы адамдар санына байланысты 26 818 теңгеден 65797 теңгеге дейін болды. Сонымен бірге, жетім балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері әрқайсысы үшін 36 796 теңгені құрады, бірақ отбасының барлық мүгедек мүшелері үшін 79 829 теңгеден аспайды.

Бұл өсім шамамен 680 мың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға әсер етті.

Айлық есептік көрсеткіш шамасының өзгеруіне байланысты 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап № 1 және № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері де 5% — ға артты.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап № 1 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері 24 973 теңгені, № 2 тізім бойынша – 22 216 теңгені құрайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия