jasqazaq.kz

2019 жылы ақылы жолдардан 5,4 млрд теңге түсті

23 қантар 2020, 10:40

2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде іске қосылған төрт ақылы жолдан, яғни «Нұр-Сұлтан – Шучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қорғас» және «Алматы – Қапшағай» автобандарынан түскен түсім 5,4 млрд теңгені құрады.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, 5,4 миллиард теңгенің 3,8 миллиарды – ақылы автомобиль жолдарын, 1,6 миллиарды төлем алу жүйесін күтіп ұстау шараларына жұмсалған.

«2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, өткен жылы ақылы жолдардан 3,5 есеге артық қаражат түсті. Өйткені, арғы жылы Қазақстанда «Нұр-Сұлтан – Шучинск» жолы ғана ақылы болатын. Жыл сайын бұл жолдан 1,5 млрд теңге жиналып келді. Бүгінгі таңда елдегі ақылы жолдардың жалпы ұзақтығы – 682 шақырым», — деді министрліктен.

Атап өтілгендей, ақылы болған автожолдардың күтіміне бюджеттен қаражат бөлу тоқтатылады.

«2019 жылдың желтоқсанында инвестициялық конкурстың қорытындылары бойынша Консорциуммен жолдардың 11 мың шақырымында төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау туралы құжатқа қол қойылды. Келісімге сәйкес биыл қайта құрылымдаудан өткен 5,7 мың шақырымдық жол учаскелерінде төлем алу жүйесі орнатылады деп жоспарлануда. Жолдардың қалған 5,3 мың шақырымы 2024 жылға дейін қайта құрылымдау шараларының аяқталу мерзіміне байланысты ақылы болмақ. Ақылы жолдар жүйесін енгізу арқылы сол жолдардың күтіміне бюджеттен қаражат бөлінбейтін болды. Яғни, барлық шығын жиналған қаражат есебінен қамтамасыз етіледі», — деп нақтылады ведомстводан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде