jasqazaq.kz

2019 жылдың 10 айында 18 млн-нан астам теміржол билеттері сатылды

27 қараша 2019, 16:38

2019ж. 1 шілдесінен бастап электронды билет сатудың жаңа жүйесі енгізілген болатын. Ол отандық «Мобиус» фискалды компьютерлік бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр. Жаңа жүйе бойынша бір бағытқа бір мезетте 5 реттен артық тапсырыс берген кезде касса белгілі бір уақытқа (5 минутқа) бұғатталады, яғни жүйеге түскен билетті лезде «қағып» алу енді мүмкін емес, сондай-ақ қайтарылған және бронь бойынша пайдаланылмай қалған билеттер тікелей Күту парағына түседі. Және де билеттерді сату көздері ұлғайды (интернет -сайт, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, пошта бөлімшелері арқылы).

Осының бәрі жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату кезінде теріс пайдалану фактілерін болдырмауға мүмкіндік берді.

Енгізілген жаңа қызмет — Күту парағы бойынша 2019 жылдың шілде айынан қазан айына дейін жолаушылар 76 611 билет сатып алды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 қазанынан бастап орын брондау фактісін растау бойынша SMS-хабарлама енгізілді. Жалпы 2019 жылдың 10 айында 18 млн 021 мың билет сатылды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың сәуір айында Компанияда «нөлдік» төзімділік принципі енгізілген болатын. Яғни билетсіз жолаушы және заңды түрде рәсімделмеген жүк тасымалдағаны үшін қызметкерлерге қатаң шара қолданылады. Осы мерзім арасында осындай заң бұзушылыққа бой берген 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, 145 қызметкер қатаң сөгіс алды.

Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша сервисті жақсарту мақсатында шаралар қабылдайтынын жеткізеді. Ал жолаушылардан өз сапарларын алдын- ала жоспарлап, билеттерді тек темір жол кассалары немесе онлайн-сату арқылы алуын сұрайды.

Заңсыз сату немесе поездарда билетсіз жол жүру фактілері болған жағдайда азаматтық ұстанымыңызды көрсетіп, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің Желілік полиция бөлімдеріне немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының блогына (http://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelya-pravleniya/) хабарласуыңызды сұраймыз.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда