jasqazaq.kz

2005-ші жылғы қыз өзін полицей зорлағанын айтты (видео)

04 ақпан 2021, 15:30

Ақтөбе облысындағы Петропавловка ауылында тұратын қыз бала Президенттен көмек сұрады. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Оның видеосы Qumash Telegram-каналында жарияланды.

Қыздың сөзінше, учаскелік полицей оны қызметтік көліктің ішінде күштеп зорлаған. Бірақ зорлық үшін кінәсіз ер адам сотталып кетті.

Мені учаскелік полицей зорлағанда 13 жаста едім. Әкем жоқ, шешем ішімдікке салынған еді. Маған заңсыз аборт жасатты. Учаскелік полицей мені кінәсіз адамға қарсы жала жабуға мәжбүрледі. Ол кісі 10 жылға сотталды, дейді қыз.

Ал облыстық полиция департаменті сотталған адамның кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдейді.

2018-ші жылы аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Барлық фактілер мен жасалған сараптамалар сотталған тұлғаның қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдеді. Сот күдіктіні 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Қорғаушылар тарапы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді, алайда апелляциялық инстанция бірінші инстанцияның үкімімен келісті, — деп нақтылады полиция департаменті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық