jasqazaq.kz

200 мың доллар пара алған депутат ұсталды

03 мамыр 2019, 17:20

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының депутаты пара алу күдігіне ілікті.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Алматы облыстық департаменті Талғар аудандық мәслихатының депутаты — аудандық жер комиссиясы мүшесінің парақор екендігін анықтады. Ол Талғар ауданы Панфилов ауылдық округіне қарасты аумағы 12 гектар жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгерткені үшін азаматтан 200 мың доллар (теңгеге шаққанда 76 млн) пара алу күдігіне ілікті», — деді ол. Оның атап өтуінше, сот күдіктіге тұтқында ұстау түріндегі шара қолданған. «Тергеу амалдары жүріп жатыр», — деді Б.Балғабеков.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде