jasqazaq.kz

200 миллион теңгелік қоқыс контейнері дау туғызды (видео)

14 тамыз 2019, 15:18


Талдықорғанда былтыр наурызда 200 миллион теңгеге орнатылған еуропалық үлгідегі қоқыс контейнерлері жарамсыз болып тұр.

Бүгінде қаладағы 300-ге жуық қоқыс жәшігі құр қаңсып қалған екен. Маңы тазаланбай, жан-жағын кеміргіщтер жайлап алыпты. Телеарнаның ақпараты бойынша, контейнерлер осы уақытқа дейін әлі қолданысқа берілмеген. Бірақ тұрғындар жәшікті қоқысқа толтырып, енді жан-жағын қалдықтармен үйіп тастаған. Қазір бұл маңда қоқыс иісі қолқаны қабады. Жақын маңда тұратын күн ыстықта терезе аша алмайды екен. «Тазалауға техника жоқ болса, мұндай контейнерлер не керек? Керегі жоқ. Сасып жатыр босқадан-босқа», — дейді қала тұрғыны Секен Тұрсынбаев. Тұрғындардың айтуынша, қоқысты жинап жатқан ешкім жоқ. «Ешкім оны келіп алмайды. Жинамайды. Жан-жағына тастап кетеді. Жан-жағына тастағанды қоқыс жинайтын әйелдер алады да, машинаға салады. Қоқыс жинайтын машина бар ғой. Соған қолмен тиейді», — дейді тағы бір тұрғын Зоя Шалтаева.
Жалпы, Талдықорған бойынша, 135 аулаға дәл осындай 270 контейнер орнатылған. Алайда, оның тең жартысы ғана тазаланады. Оған бар-жоғы арнайы 4 техника қызмет көрсетеді. Ал, қалған жәшіктер қаңырап бос тұр. Пайдалану үшін келісім-шарт жасалуы керек екен. «Толып кетіп жатыр. Уақытылы алынбайды дегендей біраз өзекті мәселелер бар. Яғни, пәтер иелерінің кооперативі біздегі Тұрғын үй қызметі мердігер мекемесіне келіп, құжаттарға қол қойып, келісім-шартқа отыруы керек. Содан кейін келісім-шартқа сәйкес, жұмыстарын атқара береді», — дейді Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мейір Нұрғалиев.

tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда