jasqazaq.kz

20 жыл құлдықта болған әйел сіңлісімен кездесті (видео)

24 қыркүйек 2018, 10:26

Қазақстанда 23 жыл бойы темекі плантацияларында жұмыс істеген қырғызстандық 51 жастағы Зуура Болтоева отанына оралып, сіңлісімен кездесті. Олардың кездесуі 19 қыркүйекте Бішкекте Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамына арналған мерейтойлық іс-шарада өтті. 

Tengrinews.kz  хабарлағандай,  басылымның мәліметінше, Бұрмакан Болтоева осы жылдар бойы әпкесін іздестіріп келген. «Ол Қазақстанға 1995 жылы кетті. Біз сол кезде қалада тұрғанбыз. Оны елден біреулер алдап әкетті. Әпкемді іздестіріп тауып берген Қызыл Жарты Ай қоғамына алғыс айтамын», — деді Болтоева Бұрмақанның әпкесі Зуура Болтоева — Қырғызстанның Қара-Құлжа ауданының тумасы. Оны Қызыл Жарты Ай қоғамы мен Астанадағы қырғыз диаспорасының өкілдері іздестірген. Қырғыз азаматшасы құжаттарынан жоғалтып, ұзақ жылдар бойы отанына орала алмай жүрген екен. Ол Қазақстанда темекі плантацияларында жұмыс істеп, кейін тұрмысқа шыққан екен. «Темекі плантацияларында жұмыс істедім, кейін тұрмысқа шықтым. Күйеуіммен11 жыл бірге өмір сүрдік, сосын ол қайтыс болды. Қызым екеуміз жалғыз қалдық. Бірақ содан кейін қайын атам мен қайын әпкем баланы жалғыз асырап, тәрбиелей алмайсың деп қызымды менен тартып алды. Ол кезде қызым 11 жаста еді. Қазір ол Қазақстанда тұрып жатыр», — дейді әйел. Оның айтуынша, осы жылдары ол үш адамға жұмыс істеген, олардың екеуі тіпті оны ұрып-соққан. Басылымның мәліметінше, Болтоева Бішкекке келген соң оны дәрігерлер тексерген. Енді қазір оның жеке құжаттары дайындалып
жатыр.

 

 

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді