jasqazaq.kz

20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті

12 шiлде 2021, 10:28

Демалыс күндері Германияның Мюнхен қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Александр Ковригин (3-0, 2 КО) жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап. Қазақстандық спортшының қарсыласы 26 жастағы тәжірибелі грузиялық боксшы Хвича Гиголашвили (17-47, 7 КО) еді. Кездесу алты раундқа созылып, әділқазылардың ортақ шешімімен Александр Ковригиннің жеңісімен аяқталды. Осылайша Александр кәсіпқой бокс рингіндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік, 20 жастағы қазақстандық боксшының аталмыш саладағы жолы осы жылдың 13 ақпанында Германияның Эггенштайн-Леопольдсхафен қаласында басталған болатын. Ол хорватиялық Филип Потуровичті (0-3) жеңіп, алғашқы жеңісін тойлады. Арада бір апта өткенде, 20 ақпанда Ковригин рингке қайта оралып, осы қалада Грузия спортшысы Мишико Шубитидзені (17-18-3, 8 КО) нокаутқа жіберді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия