jasqazaq.kz

20-шы қабаттан секірмек болған әйелді полиция құтқарды (видео)

09 қазан 2019, 12:13


Полиция жас ананы мұндай әрекетке не итермелегенін анықтап жатыр, ал келіншекпен психолог жұмыс істеуде.
Алматыда полиция қызметкерлері 20-қабаттан секіруге тырысқан жас ананы аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
102-ге жедел байланыс желісіне «Манхэттен» тұрғын үй кешені тұрғындарының бірі хабарласып, бір әйелдің 20-шы қабаттағы пәтерінің балконына шығып алып, өлмек болып жатқанын айтты. Оқиға орнына «Боран-080» патруль бригадасы дереу жетті. Полиция аға лейтенанты Саят Бекжанов пен полиция лейтенанты Нұрсұлтан Бектұрсын бұл ақпаратты растап, үйдің 20-қабатына көтерілді.
— Біз балконға аяғымыздың ұшымен ақырындап жақындап келдік, әйел балкон үстіне мініп алып, аяғын сыртқа салбыратып отыр, ал балконда арбада емшектегі бала жатыр екен. Ол бізді байқамады. Көрші әйелдер оның назарын бұрып, мұндай жаман қадамға бармауын айтып, оны райынан қайтарып жатты. Сол кезде біз әйелге тұтқилдан тап беріп, қапсыра құшақтап, оны пәтерге қарай сүйреп алып кірдік. «Не болды, неге бүйттің» дегенде әйел үнсіз жылай берді.
Содан оны жұбату үшін құшақтап едім, келіншек өкіріп жылап жіберді. Содан оның басында қиын жағдайлар өтіп жатқаны түсінікті болды. Ең бастысы, ең жаман нәрсе артта қалды. Жас ана да, оның әлі бір жасқа жетпеген ұлы да дін аман, — дейді Алматы қаласы Жол-патрульдік полиция инспекциясының инспекторы — аға лейтенант Саят Бекжанов.
Осылайша 26 жастағы әйел аман қалды. Ол тұрмысқа шыққан екен, күйеуі басқа қалада жұмыс істейді.
Полиция жас ананы мұндай әрекетке не итермелегенін анықтап жатыр, ал келіншекпен психолог жұмыс істеуде.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда