
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен кейін карантин енгізу туралы қауесетке түсініктеме берді. Бүл туралы Stan.kz хабарлайды.
Есмағамбетова қазақстандықтарға тек мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына сенуге кеңес берді.
«Жиын өтіп, талқылаудан кейін қыркүйекте карантин енгізеді деп жүргендерге айтарым, мұндай ресми ақпарат жоқ. Барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Біз бүкіл елімізбен қатар әрбір өңірдегі, елді мекендегі ахуалға күнделікті мониторинг жүргіземіз. Барлық шаралар эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», — деді республиканың бас мемлекеттік санитар дәрігері.
Сонымен қатар ол Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал маусым және шілде айларымен салыстырғанда қазір тұрақты екенін атап өтті.