jasqazaq.kz

20 789 теңге қашан беріледі?

28 ақпан 2019, 17:43

830 мың қазақстандықтың атаулы әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«1 шілдеге дейін ең төменгі күнкөріс деңгейі 14 849 теңге болады. Ал 1 шілдеден бастап ол 20 789 теңгеге көтеріледі. Яғни, егер аталған көмекті осы уақытқа дейін 571 мың адам алып келсе, енді ол 260 мыңға көбейіп, 830 мың қазақстандықтың атаулы әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі болады», — деді министр.

Осы ретте ол бір отбасын мысалға келтіріп, нақты деректермен бөлісті. «4 балалы жалғыз басты отбасы 1 шілдеге дейін табысы жоқ болғаннан соң 63 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алатын болса, енді 1 шілдеден бастап ол 40 мың теңгеге көбейеді. Яғни 103 945 теңгеге жетеді. Ал қосымша төлемдерді есептегенде ол жанұяның жалпы табысы айына 114 448 теңге болады», — деді ол. Министр атаулы әлеуметтік көмекті дайындау үшін отбасылардың жиынтық табысында да өзгеріс орын алатындығын айтты. «Бірінші шілдеден бастап бұрынғы есептелініп келген көпбалалы отбасыларға, алтын алқа, күміс алқа иегерлері аналарға, мүгедек балалар бар отбасыларға берілетін жәрдемақылар және стипендиялар 1 шілдеден есептелінбейді», — деді Б.Сапарбаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда