jasqazaq.kz

2 жыл бойы алимент төлемей келген ер адам сотталды

23 тамыз 2021, 15:29

Шығыс Қазақстан облысында 2 жыл бойы алимент төлемей келген ер адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам әйелімен ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған ұлдарын асырау үшін табысының үштен бір бөлігін алимент ретінде төлеуге міндетті болған. Алайда ол екі жыл бойы ақша бермей, қарызы 1 миллион теңгеге жетті.

«Алимент төлеуден жалтарған әке 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеліп, оған пробациялық бақылау тағайындалды. Енді сотталған азамат тұрақты жұмыс тауып, алимент төлемесе мәжбүрлі еңбекке тартылады. Жаза адамды қарыздан босатпайды. Еңбекке тарту – адамды тәрбиелеудің бір құралы ғана», — дейді ШҚО бойынша ҚАЖД сол жағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Қайрат Қайнаров.

Сонымен қатар сотталғанға жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда бас бостандығын шектеу сол мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндірілді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия