jasqazaq.kz

2 жасар баласын өлтіріп, мәйітін мұздатқышта сақтаған (видео)

07 қазан 2020, 21:54

Алматы облысында екі жасар бүлдіршіннің өлімі ашылды. Бұл жайлы Polisia.kz порталы хабарлады.

5 қазан сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жасар баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Полицияға баланың туған тəтесі хабарласқан. Оның айтуынша, ол шілде айынан бері жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген. Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан. Полицейлер жедел түрде күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде 27 жастағы Үштөбе қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан, əкесі өзге елде тұрады. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

https://youtu.be/cBqVtTuywAE

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық