jasqazaq.kz

2 жасар бала тереңдігі 8 метр құдыққа құлап кеткен (Видео)

11 тамыз 2021, 10:43

Қостанайда 2 жасар бала құдыққа құлап кетті. Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 10 тамызда сағат 17:25-те Қостанай облысы Садчиковка ауылында болған. Жеке секторлардың бірінде тереңдігі 8 метр құдықтың ұңғымасына 2 жасар бала құлап кеткен.

«Бала 3.5 метр тереңдікте кептеліп қалған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар алдымен бала дем алып жатқанына көз жеткізген. Олар жедел түрде шұңқырға оттегін жіберіп, баланы шығарып алу мақсатында ұңғыманың жанынан тағы шұңқыр қазған. Құтқарушылар шұңқырдан қолы ғана көрініп тұрған баланы арқанның көмегімен шығарып алды», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқару операциясына 9 құтқарушы мен 2 техника жұмылдырылды. Көмекке жергілікті ауыл тұрғындары да келген. Баланы құтқару жұмыстары сағат 19:20-да аяқталды. ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» немесе «101» нөміріне қоңырау шалу керек.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия