jasqazaq.kz

2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді, нәтижесінде не болды: Президент агросаланы субсидиялауға қатысты

04 қараша 2021, 13:45

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаражаттың жұмсалуына сараптама жасайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл шаруашылығын субсидиялау жайында. Соңғы 5 жылда бұл мақсатқа 2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Нәтижесінде не болды? Бюджет қаражаты жұмсалады, оның жұмсалуына бірыңғай бақылау жоқ. Айтарлықтай экономикалық тиімділігі де жоқ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Ақорданың Twitter-дегі парақшасында Президент жемқорлыққа қарсы қызметке бұл салаға сараптама жүргізуді тапсырғаны атап өтілген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке прокуратурамен және басқа да органдармен бірге бұл салаға кешенді сараптама жасауды тапсырдым. Оған қоғамды және аграрийлердің өздерін де тарту керек», — деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына келді. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға барады деп жоспарланған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде