jasqazaq.kz

2 полицей сотталды

13 қазан 2021, 12:13

Петропавл қалалық соты алаяқтық фактісі үшін патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, биыл 21 сәуірде патрульдік полиция батальонының екі инспекторы жүргізушіге оның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы жалған ақпарат беріп, алдау жолымен 150 мың теңге көлемінде ақшасын алған. Петропавл қалалық соты 12 қазанда тәртіп сақшыларына қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық істі қарап, үкім шығарды. Патрульдік полиция батальонының бұрынғы екі инспекторына алған ақшаның 10 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ олар өмір бойына құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды. Бұл іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бастамасымен заң бұзушылыққа жол берген сотталушылардың бұрынғы әріптестері онлайн режимде бақылады. Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулиннің айтуынша, енді сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша барлық сот процестерін осындай форматта өткізу жоспарланып отыр.

«Агенттік бұл жаңашылдықты мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін енгізді. Осылайша, біз сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдары туралы мемлекеттік қызметшілердің санасына олардың әріптестерінің мысалында әсер етуді мақсат еттік. Бұл бастама өз жемісін беріп, адамдардың ойы өзгереді деп үміттенеміз» — дейді Дамир Хабибулин.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия