jasqazaq.kz

2,5 тонна заңсыз балық тиелген көлік аударылып қалды

18 сәуiр 2022, 16:34

Батыс Қазақстан облысында 2,5 тонна балық тиелген «ГАЗель» автокөлігі аударылып қалды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Орал қаласына қарасты Деркөл кентінде болған.

Аударылған көлік кузовынан 56 полиэтилен қапқа салынған қарабалық шықты. Көлік жүргізушісі балықты рұқсат қағаздарынсыз тасымалдаған. Тәркіленген 2504 келі балық «Каспий Урал» серіктестігіне сақтауға тапсырылды.

Сондай-ақ, полицейлер «Бекіре» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Орал-Саратов жолы бойында жалған ресейлік нөмір тағылған «ГАЗель» автокөлігі тоқтатылғанын хабарлады. Бұл көліктен рұқсат қағаздары жоқ, 66 қапқа салынған 3 тонна 102 кг қарабалық алынды.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — дейді департамент өкілдері.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр