jasqazaq.kz

2,3 млн гектар жайылым жер заңнамасын бұза отырып берілген

12 сәуiр 2021, 16:01

Прокуратура органдары жайылым жерлерді бөлу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізіп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің жауабында айтылған.

«Қазіргі уақытта Президент тапсырмасына сәйкес прокуратура жайылым жерлерді бөлу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі кезеңде прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жалпы аумағы 2,3 млн гектарды құрайтын 3,5 мың жайылым учаскесін анықтады», — делінген Ғизат Нұрдәулетовтің жауабында. Сонымен қатар ол соңғы 3 жылда пайдаланылмайтын 12 млн гектар жайылым анықталғандығын атап өтті. «Соңғы үш жылдың ішінде прокуратура органдары ел аумағында жалпы ауданы 12 млн гектар 26,5 мың пайдаланылмай жатқан жайылымды анықтады. Қабылданған іс-шаралардың арқасында ауданы 3,6 млн гектар 2,4 мың учаске (кадастырлық құны 8,8 млрд теңге) мемлекетке қайтарылды.4,6 мың учаскені игеру басталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деді ол.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде