jasqazaq.kz

19 жастағы жігіттің есірткі өндіретін зертханасы әшкереленді (видео)

16 мамыр 2020, 19:47

Он тоғыз жасар екібастұздық жігіттің Нұр-Сұлтан қаласында альфа-пирролидиновалерофенон немесе «жылдамдық» деп аталатын синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ұйымдастырғаны әшкереленді.

«Тергеу барысында сотталушының есірткіні кәмелет жасқа толмай тұрып қолданғаны анықталды. Кейінірек ол ақша табу үшін және өзін «жылдамдықпен» қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынған заттарды шығарумен айналысқан», – деп хабарлады Есірткі қылмысымен күрес басқармасының баспасөз қызметі.

Ол үшін бозбала елордаға көшіп келіп, Көктал маңындағы жер үйді жалға алады. Сөйтіп, психотроптық заттар өндірісін бастайды. Тексеру барысында полицейлер синтетикалық есірткілер, колбалар, вакуумдық аппараттар мен дәрілік заттар және қорғаныс маскалары, тараз, түрлі формулалар жазылған дәптер мен ноутбук сияқты өндіріске қажетті химиялық қоспалар тауып, тәркіледі.

Сондай-ақ, күдіктіден 2 келі 340 грамм есірткі мен есірткіні жасыру орындарының геобелгілері және ұялы телефондар алынды. Мұның бәрі сотқа дәлел ретінде ұсынылды.

Күдіктіге аса ірі көлемде психотроптық заттарды сату мақсатында заңсыз өндірді деген айып тағылып, жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сот бұйрығы заңды күшіне енді.

https://youtu.be/RLYPiWoQIzY

polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде