jasqazaq.kz

19 жастағы жігіт адам өлтіру үшін күрек пен қайшы пайдаланған

25 қазан 2021, 11:18

Ағымдағы жылдың қазан айының басында Бородулиха ауданының ПБ кезекші бөліміне белгісіз әйелден хабарлама келіп түсті, онда ол Жаңа Шүлбі ауылы көшелерінің бірінде орналасқан үйден зорлықпен өлім белгілері бар ер адамның мәйіті табылғанын айтқан еді, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Ол Бородулиха ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу барасында ер адам өз кінәсін мойындады», деп ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов атап өтті.
Тәртіп сақшылары қаскүнемнің алкоголь өнімін ішу барысында жәбірленушімен жанжалдасып, күрекпен және қайшымен оны бірнеше рет соққыға жыққанын анықтады. Нәтижесінде соңғысы өмірмен сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар алған.

Адам өлтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Осы баптың санкциясы 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде