jasqazaq.kz

19 жастағы шекарашы көз жұмды

21 қараша 2018, 10:45

Қайғылы жағдай Өскемен қаласындағы заставада болған. 19 жастағы шекарашы Әлихан Қожагелдиев шекараны күзетіп тұрғанда қару-жарақтың бөлшегін жоғалтып алыпты. Не істерін білмеген ол өз-өзін атуға бел буған. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Сол күні марқұм өз серігі Артем Дереглазовпен бірге шекараға атпен тексеру жүргізіпті. Тексеріс барысында қатардағы жауынгер Әлихан Қожагелдиев атыс қаруының бөлшегін- үрлемелі тежегішті жоғалтып алып, бірден іздей бастаған.

Артынша ол бұл туралы өз серігі, шекара нарядының аға қызметкері Дереглазовқа айтқан. Ал Артем мерзімді сарбазға көмектесіп, қару бөлшегін бірге іздестіріпті. Алайда олар қанша күш салғанымен, қару бөлшегін таба алмаған.

Амалы қалмаған Әлихан Қожагелдиев өз кеудесіне екі рет оқ атыпты. Серіктесінің сөзінше, ол өз ісі үшін тағайындалатын жазадан қатты қорыққан екен.
Ал марқұм сарбаздың анасы бұл жағдайға сенбейді. Ол жанұясы сенім артып отырған ұлының ешқашан өзіне қол жұмсамайтынын айтты. Сондай-ақ, ол Әлиханның өте ақылды жігіт болғанын жеткізді.

Әлихан Қожагелдиев колледжді үздік бітіріп, университетке бюджеттік негізде оқуға түскен.
Қазір сол күні болған оқиғаларды анықтайтын тергеу жұмыстары басталды. Марқұмның серіктесі Артем Дереглазов жолдасын өз-өзін өлтіруге дейін апарған деп күдіктелуде.

Үрлемелі тежегіш шекарашы өлімінен соң меттал іздегіш арқылы табылды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді