
Атырау облыстық полиция департаментінің дерегінше, 2002 жылы туған қыз оқиға орнында қайтыс болды.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Атырау қаласының 19 жастағы тұрғыны сегізінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды жергілікті ATPress.kz басылымы. Оқиға «Алмагүл» ықшамауданындағы 18-үйде болған. Мұндай деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Сегізінші қабат терезесінен секіріп кеткен 2002 жылы туған қыз оқиға орнында қайтыс болды.