
Өзінен 20 жас үлкен азаматқа ғашық болып қалған 19-дағы астаналық ару жан сырымен бөлісті.
NUR.KZ. жазғандай, әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен кеңес сұраған бойжеткен 38 жастағы сүйгенін жақындарын жұрттың қалай қабылдайтыны үшін алаңдаулы екенін жасырмады.
«Менің жасым 19-да. Ал ол 38 жаста. Арамызда жылдардың айырмашылығын көпшіліктің қалай қабылдайтынын білмей, алаңдап жүрмін. Бірақ бір-бірімізді шын сүйеміз.
Алайда жақындарым, ата-анам, достарым оны қалай қабылдар екен. Маған кеңес берсеңіздер екен. Өз бақытым үшін соңына дейін күресейін бе? Әлде осы жерден барлық қатынасымызды доғарғаным жөн бе?», — деді бойжеткен Instagram парақшада.
Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары бұл сезімнің өткінші екен, жас айырмашылығы уақыт өте келе қарым-қатынасқа әсер ететінін айтты. Тіпті кейбірі бойжеткеннің үлбіреген жас екенін айтып, өзімен қатар жігіт табуға кеңес берген.