jasqazaq.kz

19 жастағы алматылық тұрғындардың атынан қымбат гаджеттерді несиеге рәсімдеген

29 қазан 2021, 14:47

Алматының 19 жастағы тұрғыны халықты алдап, олардың атынан несиеге қымбат гаджеттерді рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, жігіт интернеттен кездейсоқ адамдардың мәліметтерін тауып алып, бірнеше ай бойы олардың атынан тауарлық несиелер рәсімдеп келген. Несие мақұлданғаннан кейін ол қымбат телефондарды алып, үшінші тұлғаларға сатып жіберген. Және, әрине, несиені төлеу туралы ойлаған да жоқ.

– Полицияға бес азамат арызданған, күдікті олардың атынан “Iphone” маркалы ұялы телефондарды рәсімдеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергелуде. Келтірілген шығын көлемі шамамен бір жарым миллион теңгені құрайды», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Алмалы ауданының Полиция басқармасында аталған тұлғаның заңсыз әрекетінен зардап шеккендерге мына телефондар арқылы хабарласуларын ұсынады: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр