jasqazaq.kz

19 мың қазақстандық қаржы пирамидасының құрбаны болған

02 тамыз 2021, 13:28

Қазақстанда жыл басынан бері қаржы пирамидалары бойынша 330 қылмыстық іс тергеліп, оның 177 -сі сотқа жіберілді. 62 адам тергеуге, 55 адам қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаржы пирамидасы бойынша қылмыстық істерге қатысты зардап шеккендердің жалпы саны 19 миллиардтан астам адамды құрайды, оларға жалпы сомасы 21 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді, делінген ҚР ІІМ хабарламасында.
Алаяқтардан зардап шеккендердің көбісі — Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларының тұрғындары.

Ішкі істер министрлігі атап өткендей, алаяқтар көп адам тарту үшін компаниясының атына зор әрі тартымды атау береді, ақшаны пайдалы жобаларға, қор биржаларына немесе өте тиімді өндіріске инвестициялауды ұсынады.

Мәселен, Алматы қаласындағы «Astra Consulting» қаржы пирамидасының қызметкерлері азаматтардан ақша тарту үшін өздерін қор биржасының кәсіби қатысушылары ретінде көрсетіп, салынған ақшадан жоғары табыс алуға уәде береді. Бірақ олардың қор биржасына ешқандай қатысы жоқ екені белгілі болды, ал ақша төлемдері жаңа клиенттердің келіп қосылуы сұйылғанша беріліп тұрған.

Қазіргі уақытта бұл қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың барлығы қамауда. Бұл адамдар 125 адамды пирамидаға тартып, 650 миллион теңге көлемінде залал келтірді, — деп хабарлады құзырлы ведомствадағылар.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия