jasqazaq.kz

19 ақбөкенді атқан

31 қазан 2019, 16:30

Қазанның 5-31 аралығында Ақтөбе облысының аумағында браконьерлер 19 ақбөкенді атқан. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Осы аралықта табиғатты күзету заңнамасын бұзу бойынша 206 дерек тіркелген. 192 дерек бойынша жалпы ұүны 1 070 600 теңге айыппұл салынды.

«Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу — 75 жағдай, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу — 85, өсімдіктер дүниесін пайдалану талаптарын бұзу — екі жағдай анықталды. Аңшылық қаруды тасымалдау ережелерін бұзу — 23, табиғат қорғау заңнамасын өзге де бұзушылықтар — 21 жағдай. Аталған кезеңде төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның екеуі — ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы («Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау»), екеуі — ҚР ҚК 337 — бабы «Заңсыз аң аулау», — деді полицейлер.
Сондай-ақ, 19 киіктің денесі, екі дана киік мүйізі, қоян денесі, екі резеңке қайық, төрт көлік құралы, 1191 келі заңсыз ауланған балық, 1100 метр пайдалануға тыйым салынған балық аулау торы, 38 дана құқық бұзушылық жасау құралы, оның ішінде бес дана тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы және бес оқ табылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда