jasqazaq.kz

184 бала коронавирустан жазылды

12 қантар 2021, 12:19

Батыс Қазақстан облысында қыркүйек айынан бері 231 бала коронавирус жұқтырса, соның 184-і жазылып шықты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазіргі кезде 47 бала ем-домын жалғастыруда.

Сондай-ақ қыркүйек айынан бері білім саласының 83 қызметкерінен індет табылса, соның 62-сі емделіп шықты. 21-і ем алуда.

Пандемия басталғалы облыста барлығы 9669 адам коронавирусқа шалдықса, соның 8319-ы жазылып шықты. 174 адам көз жұмды.

Соңғы тәулікте 47 адамның індет жұқтырғаны тіркелді. 1 қаңтардан бері сырқаттанғандар саны 448-ге жетті.

Облыста 158 мониторигілік топ жұмыс істеуде.Жыл басынан бері карантин тәртібін бұзғандарға 1,1 млн астам теңгеге 22 хаттама толтырылды.

Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясында 1 қаңтардан бері 11 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олардың үшеуінен вахталық кезекшіліктері басталар кезде, үшеуінен вахталық кезекшілігі аяқталғаннан кейін, бесеуінен жұмыстан тыс уақытта дәрігерге жүгінгенде табылған. 2020 жылы бұл компанияда 86 адамның ауырғаны тіркелген болатын.

Сондай-ақ Чинарев кенішіндегі «Жайықмұнай» ЖШС-да 2020 жылы 61 адамның, 1 қаңтардан бері 3 адамның ауырғаны белгілі болды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия