jasqazaq.kz

18 жастағы қыз түрік азаматын алдап, тонап кеткен

08 желтоқсан 2017, 17:24


6 желтоқсанда Атырауда жас қыз бен екі жігіт шетелдік азаматты алдап, ақшасын алып, қашып кеткен. Күдіктілер ұсталып, тергеу жұмыстары басталды деп хабарлады АқЖайық газеті.

Түркия азаматын Привокзальныйдағы үйлердің біріне алдап алып келіп, кіреберісте күтіп тұрған екі сыбайласына кездестіреді. Олар шетелдікке тап беріп, санына пышақ салып, әмиянын алып, қашып кеткен.

Болған оқиға бейне бақылау камерасына түсіп, ІІД ШБО кезекшілері оқиға орнына полиция жасағын жібереді. Сыбайластардың үшеуі де “ізі суымай” ұсталды.

ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, ұсталғандар – 1994 жылы туған, бұрын сотталған екі жігіт пен 1999 жылы туған қыз – уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кдексінің 192-бабы (“Қарақшылық”) бойынша тергеу басталды.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды