jasqazaq.kz

18 жастағы бойжеткен есірткімен ұсталды

09 шiлде 2020, 10:14

Петропавлда 18 жастағы бойжеткен есірткі қылмысын жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, петропавлдық бойжеткеннен полицейлер 40 граммға жуық мефедрон синтетикалық есірткі тәркіледі. Әсері күшті әрі аса қауіпті есірткінің бұл түрі Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет анықталып отыр.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жедел іс-шаралар, оның ішінде күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Пәтерде есірткіге ұқсас зат салынған түйіншек табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама заттың мефедрон екенін растады», — деді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Сондай-ақ, полицейлер пәтерден буып-түйетін материалдарды, ноутбуктарды, таразыны және басқа да есірткі кәсібін растайтын заттарды тапты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, сотқа дейінгі тергеу материалдарынан күдіктінің бірнеше ай бойы интернет-дүкен арқылы есірткі сатып алып, аса қауіпті затты саудалағаны анықталған. Қазіргі уақытта сот сараптамасы тағайындалды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия