jasqazaq.kz

18 жас кіші күйеуін асырап бағып отыр

21 мамыр 2019, 14:16

Азаматтық некедегі күйеуінен 18 жас үлкен 51 жастағы Шымкент тұрғыны осыдан 10 жыл бұрын Медет есімді жігітті кездестіріп, оны үйіне кіргізіп алған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүгінде енесімен құрдас келіншек мейрамханада еден жуып, жас күйеуін өзі асырап, бағып-қағып жатыр. Ал, еңгезердей жігіт әйелінің өзін еден жуып асырап жатқанына намыстанбайтынын жеткізді.

«Намыстанбаймын, оған қатты жаным ашиды. Жүрегім ауырады. Оған, мен жұмыс істеймін, содан кейін сен жұмыстан шығып кет дедім. Болды шығып кет, еден жумайсың деп айттым. Мен жұмысқа шыққаннан кейін, саған еден жуғызбаймын дедім», — дейді Зәуренің күйеуі Медет.

Зәуренің сөзінше, азаматтық некеде тұрып жатқан күйеуі өте қарапайым жан. Ол жас күйеуінің ішіп алса аздап мінезі бар екенін де жасырмады. Зәуре оның «жүйкесі әбден тозған» дейді. Дегенмен, олар 10 жылдан аса уақыт бірге тұрып келеді. Сондай-ақ, келіншек өзімен құрдас енесі туралы айтты.

«Анасы бар, ол менімен қатарлас. Отбасы нашар тұрады. Екеуінің де құжаты жоқ, екеуі де жұмыссыз. Мен шамам келгенше аздап көмектесемін. Медет ауыр жұмысқа жарамайды. Ол әлсіз, нәзіктеу келген», — дейді Зәуре күйеуі жайлы.

Ұлы сөзде ұят жоқ деген келіншек күйеуімен алғаш танысқан кезінде жиі жақындасып жүргенін айтты.

«Қазір ол арақ ішеді ғой. Содан кейін менімен бола алмайды. Оны өзі де мойындайды. Әлсіз. Гармондарының бәрі біткен, әлсіз»,- деп жауар берді Зәуре күйеуіңмен бақыттысың ба деген сұраққа.

Бір қызығы, жас жігітпен көңіл жарастырған келіншектің 3 баласы бар екен. Ал, балаларының үлкені күйеуімен жасты.

«Құдайға шүкір 3 балам бар. Ол Зәуренің балалары емес, менің өгей балаларым. Үлкен баласы менімен жасты, өзі жұмыс істейді. Барлық баласы бөлек тұрады. Олар мені анасының көңілдесі деп ойлайды. Мені ұнатпайды», — дейді 32 жастағы Медет.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда