jasqazaq.kz

18 миллионыншы тұрғын баспаналы болды

02 желтоқсан 2017, 17:27

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі жақсы қолға алынуда. Осыған дейін шағын аудандардағы бірнеше тұрғын үй ел игілігіне беріліп, көптеген жанның баспана мәселесі түбегейлі шешілген еді. Бұл үрдіс тағы да жалғасын тауып, 7-шы шағын аудандағы 55 коммуналдық және 64 әрендалық үй иелеріне табыс етілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов қатысып, азаматтарға пәтер кілтін табыстады.

Қуаныш иелерін құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов Елбасының қолдауымен құрылыс саласының қарқыны артып, қала ажары айшықталғанын сөз етті. Ірі жобалардың қолға алынып, сәулеті жарасқан еңселі ғимараттардың бой көтергенін де назардан тыс қалдырмады. Алдағы уақытта өндірістік, әлеуметтік нысандардың да кезең-кезеңімен ел игілігіне берілетініне сенім білдірді. Осы ретте пәтер кілтіне ие болған жас отбасылардың қатарында мемлекеттік қызметте, әлеуметтік салада, үкіметтік емес ұйымда, бюджеттік мекемеде, әскери салада, қаламыздағы өндіріс орындары мен зауыттарда жұмыс істейтін жас мамандардың болғаны қуантты. Сонымен қатар, тұрмысынан асқан қаржыны ұқыптылықпен «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкіне» жинап, тиыннан теңге қураған жерлестеріміз де баспаналы болып, қуанысып жатты. Осыдан-ақ Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы шарапатының барлық жастарға тиіп, олардың баспанаға деген қажеттілігін шешуге серпін бергенін аңғардық. Әсіресе, кезегі келіп, үйлі болғандардың арасындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың Елбасына, облыс және қала әкімдеріне ризашылығы мол. Олар облыс басшысының құттықтауынан кейін таласа мінберге көтеріліп, жүрекжарды лебізін білдіріп жатты.

Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен «Арлан жоба құрылыс» ЖШС-нің жобасы бойынша қолға алынған қос мақсаттағы үйдің құрылысын «НСК Астана-құрылыс» АҚ мен «Бекжан құрылыс» ЖШС ұжымның тынымсыз еңбегінің арқасында жоспар мерзімінен бұрын аяқталды. Жаңа пәтерлерді облыс әкімі

бастаған алқалы топ аралап көріп, сапалы материалдар қолданылған үйдің жөндеу жұмысының да көңілден шығатынына сенім білдірді. Айта кетерлігі, осы үйден көктемде ғана еліміздің жан санын 18 миллионға өсірген бағынға 3 бөлмелі үй берілді. Демек, бұл үйдің тұрғындары жұлдызды балғынмен бірге есейіп, болашаққа қадам тастайтын болады. Оларды жаңа қонысымен құттықтаған жерлестері осы үйден әлі де талай жұлдызы оңынан туған балалар көп болсын деген тілектерін жаудырды.

Көңілді қуанышқа толтыратын осындай қоныстойлар алдағы уақытта да қаламызда көп болатыны белгілі.

Қажет Андас

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты