jasqazaq.kz

18 мамырдан бастап бірқатар нысандарға жұмыс істеуге рұқсат беріледі

13 мамыр 2020, 18:06

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.

2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.

2020 жылғы 18 мамырдан бастап санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:

— қонақ үйлерге;

— сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне;

— таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына;

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 18 мамырдан бастап жалпы ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі.

2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.

Сонымен қатар, шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде