jasqazaq.kz

18 қаңтардан ЖОО-ларда қандай курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды

12 қантар 2021, 13:45

18 қаңтардан бастап жоғары оқу орындарында қай курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов жауап берді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Білім алушылардың контингенті – 619 861 адамды құрайды. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылғы қыркүйек айында коронавирус пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарында оқыту процесі қашықтан және аралас форматта басталды. Бұл үшін ЖОО-лар қажетті цифрлық инфрақұрылыммен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізді», — деді Мирас Дәуленов.

Оның айтуынша осы жылдың 18 қаңтарынан бастап 1 курс студенттері көбінесе дәстүрлі форматта оқи бастайды.

«Нақтырақ айтқанда, лекциялар онлайн форматта ұйымдастырылады. Ал семинарлар, зертханалық және практикалық оқулар дәстүрлі форматта оқиды. 2, 3, 4-інші курс студенттері үшін оқу форматы бұрынғыша қалады. Жоғары оқу орындары осы форматта студенттерді қабылдауға дайын», — дейді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия