jasqazaq.kz

175 мың қазақстандық шетелде жүр

27 сәуiр 2020, 23:18

Шетелден елге оралғысы келетін Қазақстан азаматтарының барлығын әкелеміз. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

«Қазір шетелде Қазақстан Республикасының 175 мың азаматы бар. Олардың көпшілігі Отанына оралғысы келеді. Президент айтқандай, мемлекет ешкімді қиындықта тастамайды. Сондықтан қайта оралғысы келетіндердің барлығын әкелеміз. Қазір Сыртқы істер министрлігі осы бағытта үлкен жұмыс жүргізуде», — деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Осы орайда ол жақын арада шетелдегі азаматтарды тасымалдау басталатынын айтты.

«Өздеріңіз білетін шығарсыздар, кейбір дамыған елдердің өзінде шетел азаматтарын емдеуден бас тартып, медициналық сақтандыруды жойып жатыр. Мысалы, біз АҚШ-тан 179 азаматымызды алып келеміз. Бұлар студент пен мектеп оқушылары. Польшадан 65, Израильден 28 азаматымызды жеткіземіз. Ресейден мамыр айында 6 мыңнан аса азаматымызды әкелуді жоспарлаудамыз», — деді Дәурен Абаев.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі