jasqazaq.kz

172 дана киік мүйізін қораға көміп тастаған (видео)

21 тамыз 2020, 15:51

Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны 172 дана киік мүйізін қораға көміп тастаған. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жедел іздестіру шаралары барысында Жаңақала ауданының 33 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ол 172 дана киік мүйізін өз үйінің ауласындағы қораға көміп, жасырған.

Аталған дерек бойынша Жаңақала ауданы полиция бөлімі ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Департамент бастығы Мақсұтхан Аблазимовтың тапсырмасына сәйкес осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел тергеу тобы құрылды.

Жыл басынан бері өңірде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз аулауға қатысты 29 қылмыс ашылған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда киік атқан тұрғындар сотталғанын жазған болатынбыз.

https://youtu.be/-iPMzAqdoUU

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде