jasqazaq.kz

17 жастағы жасөспірім көлікті айдап кетіп, өртеп жіберген

30 тамыз 2019, 11:35

Оралда 17 жасар жасөспірім көлікті айдап кетіп, өртеп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 21 тамызға қараған түнде болған. 2002 жылғы жасөспірім Орал қаласының 27 жасар тұрғынына тиесілі «ВАЗ-2109» маркалы автокөлігін айдап кеткен. Жәбірленуші автокөлігін ауладағы тұраққа қойып, ішіне 150 мың теңгесін қалдырып кеткен. Ұры қылмыстың ізін жасыру үшін көлікті бөлшектеп, өртеп жіберген. Көлік Хан тоғайы ауданынан өртенген күйінде табылды. Ұсталған күдіктіден айғақ заттар (кілттер жиынтығы, медициналық көмек кітабы, доңғалақтар) тәркіленді. Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес (көлік айдап кету) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде