jasqazaq.kz

17 жастағы студент бие сүтінен косметика шығарып жатыр

10 қыркүйек 2020, 10:52

Павлодарлық 17 жастағы студент әлемде аналогы жоқ табиғи косметикалық өнім шығаруда.Даяна Мукинаның жобасының негізгі ерекшелігі — косметикаға сублимацияланған бие сүтін қосу.

Павлодар облысының дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты бітірген ол бүгінгі таңда Astana IT University оқу орнының бірінші курсында білім алады.

Жас кәсіпкер кофе скрабы, бетке арналған клинсер және бетке және денеге арналған гель шығарады. Барлық өнімдердің негізі — тек табиғи және пайдалы заттар. Косметика терінің барлық түрлеріне жарамды және оны ересектер де, балалар да қолдана алады.

«Бие сүтінің рh және адам терісінің рh өте ұқсас. Бұл теріні құрғақ немесе майлы қылмайды және ыңғайлы орта жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан косметика бетінде жаңа бөртпелер мен пиллингтің пайда болуына жол бермейді. Өнім практикалық гипоаллергенді. Құрамында иммуноглобулин және амин қышқылдары бар. Сауылмалыдан басқа, біз әртүрлі майларды, яғни кокос, карит, какао қосамыз. Олар қосымша күтім жасайды, ылғалдандырады және теріні нәрлейді. Ал бие сүті қабыну мен қышуды жеңілдететіп, құрғақ және сезімтал теріге нәзік күтім жасайды», — дейді Даяна Мукина.

Жас кәсіпкердің айтуынша, пандемияға байланысты сублимацияланған бие сүтімен қамтамасыз ететін компания уақытша жұмыс істемейді. Сол себепті сатылым уақытша тоқтатылды. Бірақ ол косметикаға қосатын сублимацияланған бие сүті қайтадан шыққан кезде жұмысты қайта жандандыратынын айтады.

«Бағалар өте қолжетімді. Мысалы, скраб 550 теңге, бетке арналған клинсер 500 теңге, ал гель 1200 теңге тұрады. Бастапқыдан мен косметиканы бюджеттік бағамен жасағым келді. Бұл идеям іске асты. Өйткені қымбат косметиканы сатып алуға көбінің жағдайы келе бермейді. Грантты жеңіп алғаннан кейін көптеген тапсырыстар түсе бастады. Бұл салада бәсекелестер бар. Алайда, сублимация қолданылатын косметиканың дәл осы түріне әлемде аналогы жоқ табиғи косметикалық өнім болып табылады», — дейді Даяна Мукина.

Pavlodarnews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия