jasqazaq.kz

17 жастағы қызды әскерден келген жігіті өлтірген болуы мүмкін

31 шiлде 2018, 11:06

Дарьинск ауылының 17 жастағы түлегін жігіті зорлады және өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ол жақында әскерден келген, алайда қыз онымен қарым-қатынасын үзген, — деп жазады «Уральская неделя».

Басылымға сәйкес, қайтыс болған Дана Өтеғалиева енді мектепті бітірген және Ресейдегі жоғары оқу орнына түскен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Дана сабағын жақсы оқыған және еңбекқор болған. «Олардың отбасы жақсы. Анасы ауруханада жұмыс істейді. Әкесі күзетші болып жұмысқа кірді, бұрындары поштада істеген. Дана сабағын жақсы оқыған. Шілденің соңында Ресейге барайын деп жүрген, онда грантқа түсті. Жазда Дана жергілікті мейрамхананың біріне жұмысқа тұрған», — деді жергілікті кафе иесі Жаңылсын.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Дана көктемде жігітпен кездесе бастаған. Аты Асхат Темірбаев, ол енді әскерден келді. Алайда, қыз жақында жігітпен қарым-қатынасын үзген. Оған жауап ретінде ол қыздан кегін алатынын айтқан. «Сол кеште Дананың анасы Нұрия ауруханада болған дейді. Қызды Асхат далаға шақырғанда әкесі ұйықтап жатқан. Ал ол қызды өлтірген. Кейін денесін ағаш түбіне лақтыра салаған», — деп қосты Жаңылсын.

Жергілікті полиция орталығының хабарлауы бойынша, өлімге күдікті Асхат Темірбаев ұсталды. Істі облыстық Ішкі істер департаменті жүргізеді. Еске сала кетейік, қылмыс 28 шілдеде түнде болған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді