jasqazaq.kz

164 талапкердің нәтижесі жойылды

22 маусым 2020, 12:06

Ұлттық тестілеу орталығы бірінші күннің нәтижесін жариялады.

Орталық директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша, кеше тестілеуге 6 186 талапкер қатысты. Ал 2020 жылғы жаңашылдықтардың бірі – ғимаратқа кіргізу кезінде талапкерден тыйым салынған заттар табылса, оны тестілеуге жібермеу болып табылады.

«Осы қағиданы ұстанып, 21 маусымда республика бойынша 73 тест тапсырушы ҰБТ-ға жіберілмеді. Сонымен қатар, 91 талапкер ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Яғни, 164 талапкердің ережеге қайшы әрекет жасағаны анықталды», — деді Дидарбекова бүгінгі онлайн брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, тәртіп бұзған барлық талапкердің нәтижесі жойылып отыр. Сонымен қатар, олар биыл тест тапсыра алмайды.

Ресми мәліметке сәйкес, кеше 4 222 шекті балл жинап шықты. Ал 1 964 талапкер шекті ұпайды жинай алмады. 39 адам 130 балдан жоғары алды. Республика бойынша 2 талапкерде жоғары температура тіркелді. Олар тестті бөлек тапсырады.

«Қазіргі кезде жергілікті аппеляциялық комиссиялар өтініштер қабылдап жатыр. Ережеге сәйкес, өтініштер 13:00-ге дейін қабылданады. Одан кейін жергілікті аппеляциялық комиссия өтініштерді қанағаттандырған жағдайда республикалық комиссияға нақты шешімді қабылдау үшін жолдайтын болады. Оның нәтижесі бүгінгі күннің соңына дейін беріледі», — деп атап көрсетті Дидарбеков.

Дереккөз: sputniknews.kz

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі