jasqazaq.kz

16 жастағы қыздарға ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасату ұсынысы қабылданбады

21 ақпан 2019, 16:35

16 жастағы қыздарға ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатуға рұқсат беру туралы ұсыныс көпшіліктің талқылауына түсті. Министрлік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасының қазіргі редакциясында бұл ұсыныстан бас тартты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«16 жастағы жасөспірімдерге медициналық кеңес пен көмек көрсетілуі туралы норма көпшіліктің талқылауына түсіп, ол соңында түсік мәселесіне алып келді. Біз түсікке жақтасып жатқанымыз жоқ, керісінше керек емес жүктіліктің алдын алу шарасын айтып жатырмыз. Сондықтан кодекс жобасының редакциясында 16 жастағы жасөспірімдерге медициналық қызмет рұқсат беру мен 18 жастан бастап ата-анасының және заңды өкілдерінің рұқсатынсыз түсік жасау туралы айтылды. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер түсікті ата-ананың және заңды өкілдерінің рұқсатымен ғана жасай алады», — деді Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова. 2018 жылдың күзінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 16 жастағы қыздарға түсік жасатуға рұқсат беру туралы ұсыныс жасаған. 2017 жылы үщ жарым мың оқушы қыздар ана атанған. «Біздің балалар 16 жасында өздеріне көп жауапкершілік алады. Оларға медициналық көмектің кез келген түрін алуы қажет. Біз оларды барлық жағынан қыспақтаймыз. Сарапшылардың айтуынша, олардың тәрбиесіне мән бермегендіктен өзіне-өзі қол жұмсап түсік жасатады», — деді Елжан Біртанов ұсынысқа өз ойын білдіріп.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда