jasqazaq.kz

16 жастағы бала ақша ұрлау күдігіне ілікті

09 желтоқсан 2019, 17:30

Ақтөбелік 16 жастағы хакер науқас баланың еміне жиналған банк есеп шотынан 790 мың теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Жоғарғы сыныпта оқитын оқушы ұсталды. Наурызда Ақтөбе тұрғыны белгісіз біреудің (балаға ота жасау үшін жиналған) банк есеп шотынан 790 000 теңге ұрлап кеткенін айтқан. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған. «Зардап шеккен бала — жастайынан мүгедек. Санкт-Петербург қаласындағы клиникада қымбат ота жасау үшін әйел жұртшылықтан әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап, өзінің жеке мағлұматтары мен банк картасының нөмірін жазған. Криминалдық полиция қызметкерлері осы бағытта тергеу шараларын өткізіп, желтоқсанда Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқитын 16 жастағы оқушыны ұстады», — делінген полицияның хабарламасында. Күдікті WhatsApp мессенджерімен хат алмасу кезінде әйелдің ұялы телефонына компьютерлік зиянды бағдарламалары бар электронды сілтеме жіберген. Ары қарай ақпараттық жүйеге кіру мүмкіндігіне ие болған ол паролін анықтап, жеке кабинеткен кіріп, қаражаттың біршама бөлігін ойын аккаунттарына аударған, ал қалған жартысына Bitcoin сатып алған. «Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр, оның басқа да осындай істерге қатысы бар-жоғы тексеріледі. Осы дерекке қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда