jasqazaq.kz

16 млн теңгенің дәрі-дәрмегі мен маскалары тәркіленді (видео)

13 шiлде 2020, 10:50

Елордада жүргізілген кезекті рейд барысында медициналық препараттардың заңсыз саудасымен айналысқандар ұсталы. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап  ҚазАқпарат хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, Орынбор көшесінде «Фольксваген» автокөлігі тоқтатылып, оны тексеру барысында Қытайда өндірілген «Lianhua» капсуласының 165 қаптамасы тәркіленген. Бұл препаратты Қазақстан Республикасының аумағында сатуға рұқсат жоқ. Ұсталған жергілікті тұрғын препараттарды сайттардың бірі арқылы тапқанын, қала аумағында соны сатып, пайда таппақ болғанын мойындады.

https://youtu.be/Jz5hgi0NyB4

 

«Қазіргі уақытта бұл дәрінің ел аумағына қалай кіргізілгені анықталу үстінде. Тағы бір жағдайда қаланың 33 жастағы тұрғыны Парацетамол, Ингавирин, Дексаметазон, Цефтриаксон, Лидокаин, Эуфилин, Сумамед пен Ципролет сынды тапшы препараттарды сатпақ болды. Одан бөлек, полиция қызметкерлері тағы бір азаматтан 6500 масканы тәркіледі. 8 күннің ішінде Полиция департаменті медициналық маскалар мен қорғаныс құралдарының заңсыз саудасының 36 жағдайын анықтады. Атап айтқанда, 4 500 қаптама дәрі-дәрмек, 238 500 дана маска, градусниктер, қорғаныс халаттары, костюмдер, қолғаптар, медициналық бас киімдер, көзілдіріктер, антисептиктер мен медициналық бұйымдар тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы сомасы 16 600 000 теңгені құрады», — делінген хабарламада.

Анықталған әрбір оқиғаға қазіргі заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Елорда полицейлері қала тұрғындарын белсенділікке шақырып, дәрі-дәрмекті қымбаттата немесе заңсыз сатқандар анықталса, қалалық Полиция департаментіне жүгінуге немесе 8 (7172) 71-62-91, 71-63-35, 8-747-620-57-93 (WhatsApp), 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді