jasqazaq.kz

«150 литр бензинді тегін ал». Желіде жалған ақпарат тарады

20 сәуiр 2021, 17:37

WhatsApp қолданушылары арасында Helios жанармай құю бекеттерінен 150 литр бензинді тегін алуға болатын сілтеме таралды. Жанармай құю бекеті желісінің өкілдері акция туралы ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлады Stop Fake.

Портал мәліметіне сүйенсек, Helios-тің ресми сайтында да, Instagram-дағы ресми парақшасында да 150 литр бензинді тегін алуға болатын акция туралы хабарландырулар жоқ.

Бұл ақпаратты жанармай құю бекетінің ресми өкілдері де жоққа шығарды.

«Бұл жалған ақпарат. Хабарлама тарап жатқаны туралы мәлімет түсті. Оны дереу теріске шығардық», — делінген жанармай құю желісі өкілдерінің жауабында.

Портал тілшілері осындай «сауалнамалар» көмегімен желі пайдаланушысының жеке деректері ұрланатынын еске салады. Ол — фишинг деп аталады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия