jasqazaq.kz

15 жастағы жасөспірім мопед ұрлады

21 мамыр 2021, 14:58

ШҚО-да 15 жастағы жасөспірім мопед ұрлады.

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Алтай қ.ПБ “102” жедел арнасына 45 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз адам құлыпты сындыру жолымен гаражға кіріп, құны 50 мың теңге тұратын Racer мопедін ұрлап кеткенін хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұл қылмысты “ізін суытпай” ашты.

Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім жеткізілді. Жауап алу барысында жасөспірім кінәсін мойындап, ұрланған көлікті қайтарды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ата-анасына тапсырылды. ШҚО Полиция департаменті ата-аналарға балалармен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер жүргізу қажеттігін ескертеді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпарат көзі Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде