jasqazaq.kz

15 жастағы оқушы ауыл тұрғынын қағып өлтіріп кетті

01 ақпан 2019, 13:35

Алматы облысында 15 жастағы оқушы жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды деген күдікпен ұсталды. Көлік жүргізетін бірде-бір құжаты жоқ жасөспірім оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазір осы фактіге орай Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша соталды тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Ақсу ауданында болған. 30 қаңтар күні Жансүгіров ауылындағы көшелердің бірінен 54 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылған. Ер азаматтың дене жарақаттарынан көлік қаққаны белгілі болған және мүрде жатқан жерден көліктің сынықтары табылған. «Жедел іздестіру барысында көліктің түсі және маркасы белгілі болды. Анықталғандай, «Хонда Одиссей» көлігін 15 жастағы жасөспірім тізгіндеп, адам өлімімен аяқталған оқиға орнынан қашып кеткен. Көліктен де жол-көлік оқиғасы болғанын айғақтайтын дәлелдер табылды. Қазір машина арнайы тұраққа қойылып, қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Кісі өлімімен аяқталған осы фактіге орай қазір ҚР ҚК 345,347,349 баптары бойынша соталды тергеу басталды. Яғни, күдікті адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткені үшін жауап берумен қатар, көліктің иесі де заң алдында жауап береді. Себебі, адам қаққан жасөспірімнің көлік жүргізуге рұқсат беретін ешқандай құжаты жоқ.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді