jasqazaq.kz

15 жастағы мүгедек қызды зорлаған

13 мамыр 2019, 10:41

Қызымды зорлаған қаскөй бостандықта жүр! Павлодарлық келіншек жанайқайына құзырлы мекемелер бас ауыртпай отырғанына ашынып отыр. Айтуынша, зейнеткер көршісі 15 жастағы мүгедек қызын үйдің ауласына алдап апарып, кейін күштеп жыныстық қатынасқа түсуге итермелеген. Содан кейін 3 жыл уақыт өтсе де, арам пиғылын жүзеге асырған азғын әлі жазаланбай келеді.

Қызының ар-намысын қорғап, әділдік іздеген ананың айтуынша, сұмдық оқиға 2016 жылдың қазан айында болыпты. Сал ауруына шалдыққан қызын зейнет жасына жеткен, ата сақалы аузына түскен көршісі зорлапты. Ол кезде жеткіншек небәрі 15-те екен. Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлайды.

«Ол менің қызымды қолынан ұстап, өзінің ауласына қарай апарыпты. Сондағы кептерханаға кіргізіп, қолына көгершін ұстатқан. Қызым көгершінді сипап тұрғанда, күштеп шалбарын шешіп, өзінің ауын ағытып, арам пиғылын іске асырған», — дейді жәбірленген қыздың анасы.

Болған сұмдық жайтты қызы бірден анасына айтқан. Мұны естігенде жанын қоярға жер таппаған анасы дереу құзырлы органдарға арыз жазған. Ал келесі күні тәртіп сақшыларына берген жауабында көршісі өз тарапына айтылған айыптардың бәрін жоққа шығарған. «Мұның бәрі мүмкіндігі шектеулі қыздың ойынан шығарған, еш дәйексіз пікір» дегенді айтып, өзіне жала жабылғанын жеткізіпті.

«Тергеу екі жылдан бері сағызша созылып, ақыры сотқа жеткен еді. Бірақ неге екені белгісіз, сот менің қызымды зорлаған адамды ақтап жіберді. Ол түк болмағандай, күліп-ойнап бостандықта жүр», — дейді қыздың анасы.

Сот процесі барысында қыздың жүйкесі сыр беріп, психиатриялық ауруханадан бір-ақ шығыпты. Ал жылай-жылай көз жасы таусылған анасының сөзінше, зәбір көргеннен кейін баласы мүлдем адам танымастай өзгеріп кетіпті.

«Бұл сұмдық оқиғадан кейін баламның жүйкесі сыр беріп, тым ашуланшақ болып кетті. Бұл күнде адамдарды жек көреді. Міне, осындай жағдайға дейін жетіп отыр. Қазір тіпті не істерімді де білмеймін», — дейді анасы.

Осылайша, әділдік іздеп шырылдаған ана бар қиындыққа қарамастан, істі соңына дейін жеткіземін деп бекініп отыр. Бұл күнде ол бірінші инстанциялы соттың шешімін өзгерту үшін аппелициялық шағым түсіріпті. Алайда осы арызы бойынша істің қашан қаралатынын оған әлі хабарланбаған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде