jasqazaq.kz

15 жастағы қыз жол талғамайтын көлікті мініп кеткен

07 қазан 2019, 18:32

Облыс орталығының полицейлері «Лексус RХ-300» автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінген 15 жасар қызды ұстады. Оның аймақтағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Тengrinews.kz хабарлады.

Оқиға 6 қазанда тіркелген. Талдықорған қаласы полициясының «102» арнасына жергілікті сауналардың бірінің аумағынан джип ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Көшелерде орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы тәртіп сақшылары ұрланған көліктің бағытын анықтап, қаладан шығу жолдарына тосқауыл қойды. «Автокөлік облыс орталығынан Үштөбе қаласына қарай бет алған. Күдікті құрбысымен бірге көлікті тастап, такси ұстап із суытуға тырысты. Күдікке ілінген бойжеткен көлік иесінің танысы болып шықты. Күдікті қалалық полицияға жеткізілді және 15 жастағы бойжеткеннің Үштөбе колледжінің бірінде оқитыны анықталды. Ұрланған автокөлік бірден заңды иесіне қайтарылды» — деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. Автокөлікті заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Құқық бұзушылыққа қатысы бар жағдайлар тексеру барысында анықталады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда