jasqazaq.kz

15 жастағы қыз танысының көлігін ұрлаған

07 қазан 2019, 12:52

Алматы облысында кәмелет жасқа толмаған қыз танысының көлігін ұрлап кеткен. «Lexus RX-300» автокөлігін полицейлер қала сыртынан тауып алып, иесіне қайтарған. 

Талдықорған қалалық полиция басқармасына 6 қазан күні көлік ұрланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Жәбірленуші темір тұлпарының қала моншаларының бірінің ауласынан қолды болғанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары көшелердегі бейнекамералар арқылы автокөліктің жүрген бағытын анықтап, қаланың шыға берісінде тосқауыл қойған. «Көлік «Талдықорған-Үштөбе» бағытында табылды. Жасөспірім құрбысымен көлікті тастап, такси ұстап қайтпақ болған», — делінген таратылған ақпаратта. 15 жастағы қыз көлік иесінің танысы болып шықты. Сондай-ақ ол Үштөбе қаласындағы колледж студенті екені анықталды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылып, аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы, 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

ҚазАқпарат 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда