jasqazaq.kz

15 жасқа келсе де еш жерде тіркелмеген

28 ақпан 2018, 23:17

Алматы облысында Нәдира Қатыран есімді оқушы қыз Қазақстанның еш жерінде тіркеуде жоқ. 15 жастағы жасөспірімнің қолында тек Қытайда туғанын растайтын куәлігі ғана бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Панфилов ауданының Шолақай ауылында тұрып жатқан Нәдираның ата-анасы баласы ҚР азаматтығын ала алмай қалады деп алаңдаулы. «2004 жылы Қытайдың Қорғас ауданынан жанұямызбен 10 адам көшіп келдік. Олардың арасында бір жарым жастағы Нәдира да бар. Сол кезде отбасының 9 мүшесін тіркеуге алған көші-қон полициясы нәрестеге келгенде бейқамдық танытты. Қазір баламыз еш жерде тіркеуде жоқ», — дейді Нәдираның атасы Құрманақын Қали. Атасының айтуынша, Нәдира тіркеуге алынбағанның зардабын енді тартып жатыр. Қытайдан алған төлқұжаты мен туу туралы куәлігі болса да Қазақстанда құжатсыздар санатында екен. Соның кесірінен ауылдан аттап шыға алмайды.

«Бұл оқуда озат оқушыға оңайға тиіп жатқан жоқ. Талай пән олимпиадаларына құжаттың кесірінен қатыса алмай қалды. Отбасының үлкендері тіркеуге алынбаған қыздың мәселесін айтып талай құзырлы органдардың есігін қақтық. Алайда құлақ салған ешкім болмады», — дейді атасы. Нәдира келесі жылы 16-ға толады. Яғни, жеке куәлік алуы тиіс. Құрманақын ата аудан орталығында қоғамдық қабылдау өткізген облыстық мәслихат депутаты Зәкіржан Кузиевтен көмек сұрады. Енді көші-қон полициясындағылар бұл мәселені шешуге қайта кіріспек. Оның барысын халық қалаулысы өз бақылауына алатын болды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық