Отандық жұлдыздарымыздың арасында асабалық қызметімен ерекшеленіп жүргендері бар. Ал олардың гонорары өнер иесінің танымалдығына орай қымбаттай береді. Еліміздегі ең қымбат асабалар «31» арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
Сонымен жұлдызды асабанаң 4 –орнында әнші Нұрлан Еспанов. Бағдарламаның мәліметінше, әншінің гонорары бір миллион теңге.

Алайда Еспановтың өзі нақты бағасы жоқ екенін айтады. Ол: «Гонорар демекші, бізде нақты баға жоқ. Оны айтуға ұялып та тұрмын. Жалпы біз орысша, қазақша басқарамыз ғой. Сол үшін жақсы төлейді. Орысша-қазақша сөйлеуден бөлек, мәдениетті ойындарым бар. Ән айтамын, әзілім бар. Тойды бір кісідей алып шығамын. Оның үстіне орысша-қазақша сөйлеп, бірдей алып жүрген асабалар көп емес қой», — деді.

3-орында Нұржан Төлендиев. Оның гонорары — 4 мың АҚШ доллары (1 млн 500 мың теңге). Әзілкеш өзге қалаларға көмекшісімен бірге барады. Ал әуе билеттері мен қонақ үй шығыны актердің гонорарынан бөлек төленеді.

2-орында актер Азамат Сатыбалды — 5 мың АҚШ доллары (1 млн 900 мың теңге)

1-орында — Тұрсынбек Қабатов — 15 мың АҚШ доллары (5 млн 767 мың теңге). Әзілкештің қаламақысы бірнеше жылдан бері өзгеріссіз келеді.
Дайындаған Мақпал Ноғайбаева